• Басты бет
  • Қоғам
  • Көлік доңғалақтарын желтоқсанның 1-не дейін ауыстырмағандарға айыппұл салынады

Көлік доңғалақтарын желтоқсанның 1-не дейін ауыстырмағандарға айыппұл салынады

Көлік доңғалақтарын ауыстыру орындарында ұзын сонар кезек. Алғашқы қар мен көктайғақ жүргізушілерді әбігерге салған сыңайлы. Бұл ретте тәртіп сақшылары оны қашанға дейін айырбастау керектігін еске салды.

- Бүгін көбісі әлі жазғы доңғалақтармен жүр. Біз көлік жүргізушілеріне 1 желтоқсанға дейін қысқы доңғалақ салуға кеңес береміз. Одан кейін біз 509-бап бойынша әкімшілік шара қолданамыз, - дейді Павлодар қаласы  полиция басқармасының басшысы Данияр Бек.

Желтоқсанның 1-нен бастап доңғалағын қысқыға ауыстырмағандарға еш ескертусіз 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Бұл шамамен 15 мың теңге.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы