• Басты бет
  • Қоғам
  • Көлік қалпақшаларын ұрлаған балалар үшін ата-аналары жауап береді

Көлік қалпақшаларын ұрлаған балалар үшін ата-аналары жауап береді

- ҚР заңнамасына сәйкес шағыммен жүгінген жағдайда бұл әрекеттері үшін жауапкершілік ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне артылады. Аталмыш жағдайда бұзақылардың әрекеті кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша комиссияда қаралатын болады. Кейін мектеп ішіндегі есепке және полициға тіркеледі. Жасөспірімдер туралы мәліметтер  оқу орны, мекенжайы, ата-аналарының жұмыс орны бойынша  анықталады,- деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД ЖПҚ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

 

Павлодарлық дөңгелек ауыстыру орындарында да,  автосүйерлер де қалпақшалардың жоғалуы туралы шағымдардың артқанын байқаған. Полицейлер әрбір жағдайды жеке қарастырып, әлеуметтік желілердегі бейнелерді бақылайтындарын айтуда. «Тиктокерлерге» қарсы тұруға дайын.