Көмекке мұқтаж ана:«ұлымды құтқаруға көмектесіңіздер»
Бұл отбасы үшін күтпеген жерден орын алған қорқынышты жаңалық болды. Сабақта отырған оқушының жағдайы кенеттен нашарлаған. Басы қатты ауырып, қан қысымы көтерілген. Ұзақ уақыт ізделген себеп пен соңғы қойылған диагноз барлығын таңғалдырды.
-Әрине, мен үшін бұл үлкен соққы болды. Мен бір нәрсені бірнеше рет қайталап сұрай бердім. Қысқа мерзімде ақша жинау үшін бізге бір сиқыршы керек. Әр ана баласының үйге тезірек оралғанын қалайды ғой,- дейді Никитаның анасы Вероника Кирильченко.
Әкесі мен анасы жүргізілген талдауларға сәйкес, бүйрек доноры бола алмайды, бұл ретте, балаға донор бола алатын өзге жақын адамдары жоқ. Қазір Никита үмітпен күту үстінде. Ал өзінің органдары қажетті көлемде жұмыс жасамауда.
-Ең қорқыныштысы бірден екі бірдей бүйректің жұмысының тоқтауы. Адамның бір бүйрегі ғана жұмыс жасамаса, екінші бүйрекпен өмір сүре береді ғой. Ал баламның екі бірдей бүйрегі жұмыс істемейді,- дейді Никитаның анасы Вероника Кирильченко.
Экранда көрсетілген мәлімет бойынша сіздер бұл отбасыға көмек көрсете аласыздар. Ең бастысы — Никитаның анасының нөмірі көрсетілген. Вероника сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Анасы мен балалары мейірімді жандардың барына сенеді.
Авторы:Артем Буланов
Kaspi Gold – 4400 4301 1307 8064
8-747-612-90-56
VERONIKA KIRILCHENKO (мама)