Көп балалы ананың сұрауы бойынша Павлодар – Семей тас жолында бағдаршам орнатылды
Айнаш Садықова Заря ауылының маңында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасынан кейін үш жыл бойы тиісті мекемелерге хат жазып келген. Әйел адам жолдың арғы жағындағы мектепке баратын балалары үшін алаңдады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Айнаш Садықова 4 жыл бұрын Заря ауылынан үйдің құрылысына жер алған. Елдімекеннің өзі оң жақта орналасқан, ал ол сол жағында тұрады және ортасынан республикалық маңызы бар тас жол өтеді. Бұл жерде қозғалыс өте қарқынды және кейбір көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер жолағына назар аудармайды.
- 2021 жылы осы жерде менің көршімді көлік қығып кеткен. Алған жарақаттарынан ол бірден тіл тартпай кетті. Бұл оқиға біздің барлығымызды алаңдатты. Мен балаларым үшін қорқа бастадым. Сол кезде қауіпсіздік туралы ойлау қажет екенін түсіндім,-деді Заря ауылының тұрғыны Айнаш Садықова.
Айнаштың төрт баласы бар. Айтуынша ұлы мен қызын жолдан қарсы алатын адам болмағандықтан үйірмелерден бас тартуға тура келген. 2021 жылы ауыл тұрғыны жергілікті және аудандық әкімдікке, «Қазавтожол» мен аймақ басшысына бағдаршам орнатуды сұрап, хат жолдаған. Үш жылдан кейін мәселе шешілді. Мамандардың айтуынша, бұл жолда қозғалыс қарқыны жоғары болғанына қарамастан ереже бойынша мұнда электронды реттеушіні орнатуға болады.
- Автокөлік жолы екінші технологиялық категорияға ие. Бұл жолда тәулігіне 7000-нан астам автокөлік жүреді. Заря және Новоямышево ауылдарында 3 мыңнан астам адам тұрады. Жұмыстар балалар мектепке қауіпсіз жолмен жүруі үшін жасалған,-деді «Қазавтожол» ұлттық компаниясы облыстық филиалы директорының орынбасары Алмат Шоянбаева.
Бағдаршам орнату үшін бюджеттен 3 млн теңге жұмсалған. «Казавтожол» мамандары мұндай электронды реттеушілер Павлодар – Омбы тас жолында да бар екен айтты.