Көп қабатты үйдің тұрғындары ауладағы құрылысына қарсы

Қайырбаев, 96 мекенжайының ауласында дүкеннің құрылысы қыркүйек айының соңында басталды. Жеке кәсіпкер 282 шаршы метр жерді, азық-түлік сататын ғимаратқа алған. Адамдар ол кезде дүкендер көп деп, құрылыс жұмыстарына қарсылықтарын білдірді.

 

- Адамдардың жартысынан көбісі қарсы. Бізге оның қажеті қанша. Бізден ешкім ештеңе сұрамады. Мүмкін оларда билік, ақша бар шығар. Біз олар үшін ешкім емеспіз. Зейнетақымыз кішкентай. Құрылыс басталмай тұрып жиналыс өткізбеді. Бұл туралы біздің ойымызды сұрамады, - деді Қайырбаев көшесіндегі №104-үйдің тұрғыны Анна Резник.  

 

Адамдар бірден дабыл қаға бастады. Оқиға орнына журналистер мен шенеуніктерді шақырды. Соңғылары мәселені өз қолымызға аламыз деп, жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылады деген уәде берді.  Жергілікті адамдардың қуанышы көпке созылмады. Дүйсенбі күні плитаға толы жүк көлігі келіп, адамдар ғимараттың екінші қабаты бой көтеруде деген тұжырымдамасын айтты.

 

- Сендер рұқсатты қайдан аласыңдар дедім. Құрылысқа бар, ағаштарды кесуге де рұқсаттарың бар. Бір рет болсын ағаш отырғызып көрдіңдер ме дедім. Ондағы жұмыскер кері бұрылып кетіп қалды, - деді Қайырбаев көшесіндегі №104-үйдің тұрғыны Анна Резник.

 

Қала әкімдігі жағдайға түсініктеме беруге дайын болмады. Телефон арқылы адамдардың мәселесі бақылауда екенін айтты. Жерді қайтару үшін барлық шаралар қолданып жатқандығын мәлімдеді. Шенеуніктер «Павлодар» ӘКК-на жіберілген хаттың жауабын күтуде. Кейін жер телімнің тағдыры белгілі болады.