• Басты бет
  • Қоғам
  • Көпбалалы отбасыларға берілетін тегін жол жүру билеті қаншаға жарамды?

Көпбалалы отбасыларға берілетін тегін жол жүру билеті қаншаға жарамды?

Тегін жол жүру құжаты көп балалы анаға және отбасындағы он сегіз жасқа дейінгі барлық перзенттеріне беріледі. Ал кәмелекетке толғандары егер колледж немесе ЖОО студенті болса, тиісті анықтама көрсетілген соң, 23 жасқа дейін жол билетін алуға құқығы бар. Бұл тарапта басқа қалада оқитындар үшін аталмыш жеңілдік қарастырылмаған.  

 

- Сол қоғамдық көліктерде жол жүру билеттеріне қосымша қажеттіліктер туындауына байланысты қалалық ТҮКШ бөлімі жолаушыларды тасымалдау қауымдастығына қосымша бланкілерге тапсырыс беру үшін хат жолданды. Осыған сәйкес ағымдағы жылдың 25-ші қыркүйегінен бастап, Бектұров 115 мекенжайында орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығында аталмыш билеттерді беретін болады, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қабдолла.

 

Жол жүру билеттерімен қатар қосымша құжаттар болуы керек дейді әкімдегілер. Мәселен, аналар көп балалы екендігін растайтын куәлігін көрсетсе, оқушылар мен студенттер оқу орындарынан анықтамаларын ақатар алып жүруі тиіс. Билет күнтізбелік 1 жылға беріледі. Яғни әр жылдың басында құжаттарын тапсырып, жаңасын алуы керек. Сондай-ақ тегін жол жүру билеті қаладағы барлық қоғамдық көліктерде жарамды. Бұл тарапта екінші санаттағы бағыттық автобустар тиісті құжатты көрсеткен жағдайда жолаушыны тасымалдаудан бас тарта алмайды. Егер қандай да бір келеңсіздіктер туындайтын болса, қалалық әкімдік өкілдері ТҮКШ бөлімінің көлік секторына хабарласуға болатындығын жеткізді. Телефоны: 32-19-96.