• Басты бет
  • Қоғам
  • Көптен күткен жоба: Зеленстрой мөлтек ауданында кәріз жүйесін орнату басталды

Көптен күткен жоба: Зеленстрой мөлтек ауданында кәріз жүйесін орнату басталды

Зеленстрой тұрғыны Алена Шинкареваның айтуынша, оларда жылу, су бар, тек кәріз жүйесі бойынша үнемі қиындық болған. Жауын-шашыннан соң көшелер батпаққа айналатын.

-Мұнда 18 жыл тұрып келеміз. Жертөлеге үнемі су кіріп кетеді, үйден көктің иісі шығады. Көлік жақындаған кезде қоршаулар қозғалып тұрады. Әкімдікке үлкен рахмет, енді бізде орталық кәріз жүйесі болады. Бұл тамаша жаңалық, деп қуаншымен бөлісті қала тұрғыны Алена Шинкарева.

Жоба екі жылға созылмақ. Қазір жұмыскерлер іске кірісіп кеткен. Жол жабынын қопармас үшін асфальты жоқ жерден бастауда.

-Аталмыш мөлтекауданның барлығы 11 көшесінде, 11,8 шақырым желі тартылып, 375 құдық орнатылады. Биыл мердігер мөлтекаудан көшелерінде желі тартып, сорғы станциясының құрылысын бастайды. 2023 жылы магистральдық желі бойынша жұмыстар жүргізіледі,-деп мәлім етті Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Кәріз жүйесі 600 үйдің тұрғындары үшін қолжетімді болады. Бұл туралы қала әкімі есеп беру кездесуінде айтты. Құрылыс толық аяқталған соң, қосу жұмыстарын бастайды.