Көпқабатты үйде газ қолданғандар жауапқа тартылмақ
Барлық пәтер иелеріне оларды қысқа уақытта алып тастау қаулысы таратылды. Осы ретте, павлодарлықтардың ойын біздің түсірілім тобы біліп қайтты.
- Жарылыс болуы мүмкін, біз де жарақат алуымызда мүмкін. Сондықтан өте қауіпті, - дейді қала тұрғыны.
Мамандар екі қабаттан жоғары үйде газ баллондарды қолданғандар болған жағдайда 65-04-60 нөміріне хабарласуға кеңес береді. Барлығы адамдардың қауіпсіздігі үшін.
- Газ және газбен қамтамасыз ету заңының 28-ші бабына сәйкес көпқабатты үйлердің екінші қабатынан жоғары газды қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұл мөлшері - 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, - дейді Павлодар қаласы ТЖБ басшысының орынбасары Тілекжан Галямов.
Бұдан бөлек, мамандар автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салады. Бірінші қабаттардағы асханалар мен дәмхалар да тексерілуде. Заң бұзғандарды анықтау үшін рейдттік шаралар ұйымдастырылады.