• Басты бет
  • Қоғам
  • Көршісін балағаттаған Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

Көршісін балағаттаған Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

 

 

Облыс орталығы тұрғындары үй подъездінде жанжалдасып, біреуі әкімшілік жауапкерлікке тартылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ұсақ бұзақылық дерегі Н. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде тіркелген. Көршілер арасындағы ұрысқа полицейлердің араласуына тура келді.

 

-Ер азамат әйелді қорлап, балағат сөздер айтты. Бұл бүкіл кіреберісте естілген. Азаматша полицияға жүгініп, көршісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Материал Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді,-деп жеткізді облыстық ПД.


Айту керек, 2024 жылы облыс аумағында осындай мыңнан астам ұсақ бұзақылық фактілері тіркелген.

 

Фото: Freepik.com