• Басты бет
  • Қоғам
  • Көршісіне пышақ кезенген ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылд

Көршісіне пышақ кезенген ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылд

Естеріңізге сала кетейік, күдікті қаңтар айында аулада көрші тұратын әйелге тап берген еді. Сол кезде оны ақыл-есі кем деп танып, екі айға психоневрологиялық ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер одан ұзақ ұстай алмайтындарын да айтты. Ал полицейлер болса тек сәуірде сот психиатриялық сараптамасын тағайындап нәтижесінде істі жауап тастады.

 

- Ер адамның ақыл есі кем деп танылып, ҚР ҚПК 35-бабы, 1-бөлімі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

 

Адамның сол сәтте ақыл есінің қабілетсіздігі қылмыстық құқық бұзушылық  құрамы жоқтығын көрсетеді. Дерек болғанымен көршісіне тап берген ер адамға ештеме істей алмайды. Айта кету керек, психоневрологиялық диспансерде сараптама адамды ұзақ мерзімге емге жіберуге құқылы дегенді білдірмейтінін айтты.  

 

- Сот-психиатриялық сараптамасы қандай да бір психикалық ауытқушылыққа байланысты қабілетсіз деп санау ұсынысын береді. Ал қабілетсіз деп сот шешім шығарады, - деді Павлодар облысы психологиялық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Виктория Ефимова.   

 

 Естеріңізге сала кетейін, 2014 жылы Павлодарда Торайғыров көшесіндегі үйде ер адам бүкіл отбасын қырып тастаған еді. Оның ішінде балалар да бар. Қылмыс жасаған соң өзіне өзі қол жұмсамақ болды. Сол кезде оны қабілетсіз деп тапқан болатын. Күдіктіні ұзақ уақытқа психиатриялық ауруханаға жатқызды.