Көше әнімен көпшілікті баураған павлодарлық қыз
Жағымды кәсіби дауыс, шет тіліндегі мәтін мен ырғақты аккордтар. Анастасия Михайлюк өз жанында ондаған тыңдармандарды жинай алады. Нұрлы қыз авторлық музыкасына бейжай қарамайтындарды магнит сияқты тартады. Оның жұлдызы 2016 жылы балалар конкурсындағы жеңісінен соң жанған.
- Бұл үлкен сахнадағы керемет тәжірибе болды. Бұдан соң мен өз әндерімді жаза бастадым. «Космос» деп аталатын ән шығардым. Грузияға конкурстарға барып, екеуін жеңдім. Отбасым музыканттар. Музыканың ортасында өстім. Балабақшада 3 жасымнан сахнада ән айттым, - дейді Анастасия Михайлюк.
Сахнадан еш қорықпайды. Анастасия Михайлюк өз жоспарымен бөлісуде. Қазір ол мәскеулік колледжде оқиды. Болашақ мамандығы – туризм, алайда әрбір бос минутын тыңдармандарымен бөлісуге тырысады.

