Көшеттерімізді кім қалпына келтіреді?
Естай, 39 мекенжайында жуырда коммуналдық апат орын алып, жақын маңайдағы үйлерге салқын су беру тоқтатылды. Оқиға орнына келген алпауыттың ауыр техникасы қазба жұмыстары кезінде тұрғындар отырғызған көшеттерді зақымдап алған.
- Водоканал апат орнын анықтау үшін барлық ауланы қазып тастады. Олардың жұмысынан кейін біз отырғызып, күткен көшеттер сынып қалды. Біз бұл үйде 50 жылдан аса тұрып келеміз. Құбырлар қайда жатқанын білеміз. Оларға кеңесімізді айтқанымызбен, олар тыңдамады. Ауланы толық қазып тастаған. Енді ағаштар мен абаттандыруды кім қалпына келтіреді, - дейді Естай көшесіндегі №39-үйдің тұрғыны Антонина Крестева.
Белгілі болғандай, Сәтпаев, 73 мекенжайында диаметрі 150 мм құрайтын құбыр жарылып, су жақын маңайдағы үйлердің жертөлесіне барған. Қазір мамандар олқылықтың орнын анықтаумен айналысуда.
-
Иә, шынымен де қазба жұмыстарын орындау кезінде біз бір көшетті зақымдап алдық. Аула тар, ауыр техника ол жерде жұмыс жасады. Тұрғындармен сөйлесіп, зақымдалған ағашты қалпына келтіреміз. Шетен көшетін көктемде қайтадан отырғызамыз, - «Павлодар Водоканал» ЖШС бас инженері Дмитрий Башкиров.
Бұған қарамастан, алпауыт мамандары құбырлар орналасқан жерден 5 метр қашықтықта ағаштарды, өсімдік, кіші формалар және тағы да басқа заттарды орнатуға болмайтынын ескертеді. Бұл жолы тұрғындардың өтінішін орындауға дайын. Шетен көшетін көктемде отырғызады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа