• Басты бет
  • Қоғам
  • Ладожская көшесінің тұрғындары жазға дейін жататын қар суынан құтқаруды сұрайды

Ладожская көшесінің тұрғындары жазға дейін жататын қар суынан құтқаруды сұрайды

Көшенің қақ ортасы көлге айналған. Ладожскаядағы шалшық су енді жазға дейін кетпейді. Ал жаңбыр жауса көлемі ұлғаяды.

 

- Біз мұнда 2009-шы жылдан тұрып келеміз. Сол уақыттан бері бұл шалшықты айналып өтуге мәжбүрміз. Қамзин көшесінен еріген қардың суы бұл жерде жиналады. Кішкентай баламен өте алмаймыз, - деді Дачный мөлтек ауданының тұрғыны Лилия Иванова.  

 

Адамдар үйге жету үшін бұл шалшықты айналып өтуге мәжбүр. Ауа райы күрт жылынған жағдайда көше толықтай батпақты жерге айналады. Көлік иелері де мәселеге тап болды. 

 

- Ешқандай жол жоқ. Қазір мына микрорайонды салды. Қамзин көшесі ол да бәрі жаман. Ойық жүре алмайсын балшық.  Автобустар жүрмейді Назарбаев даңғылына шығамыз, - деді Дачный мөлтек ауданының тұрғыны Нұржан Саулиханов.

 

- Қаланың коммуналдық қызметтері еріген қардың суын сорып шығару бойынша жұмыстар жасауда. Қазіргі уақытта мамандандырылған 12 бірлік техника бар. Олардың екеуі тұрақты түрде екінші Павлодарда жұмыс жасаса, қалған 10 бірлігі қалада жүреді. Қазіргі уақытта, Ладожская, Қамзин, Нұркин және Теплов көшелерін тазалап жатыр, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Жақын уақытта суды сорып шығарады. Аталмыш көшеде абаттандыру жұмыстары қашан жүргізілетіні белгісіз.