Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Лауазымына сот арқылы оралмақшы болған экс-шенеуніктің шағымын қанағаттандырмады

Қоғам

98
Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы өз қызметіне оралғысы келген. Оны 2020 жылдың желтоқсанында әдеп кеңесі нұсқаулығымен жұмысынан шығарған. Басты себеп - қылмыстық тергеуге алыну. Экс-шенеунікті пара алды деп күдіктенген болатын. Алайда ақшаны беру дерегі және оның нақты сомасы тергеу барысында анықталмады. Істі жапты. Соған қарамастан Ринат Қойсоймасов тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін лауазымынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес Қойсоймасов пен оның орынбасары Жақыпов кәсіпкерден көмек береміз деп жарты миллион теңге алған-мыс. Ал бұрынғы басқарма басшысының қорғаушысы қылмыс жасағаны дәлелденбеуінен тоқтатылған, сәйкесінше ол айыпты еместігін айтты.   

 

Алайда мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет департаментінің өкілдері мен прокурор шағымды кейін қайтаруды сұрады. Себебі қылмыстық тергеуге алынудың өзі мемлекеттік қызмет атына нұқсан келтіреді. Сот жауап берушілердің талабын толығымен қолдады.

 

- Сот шағым берушінің әрекетінде мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік әрекет бар деп тапты. Ол кәсіпкердің қаражатына телефон сатып алып, шешім қабылдауда оның фирмасына басымдық берілетіндігіне уәде берген. Одан бөлек сот қызметтік тергеу мен тәртіптік жаза тағайындау материалдарымен танысты. Және тәртіптік жаза заңға сай тәртіпте және мерзімде тағайындалғаны анықталды, - деді павлодар қалалық сотының судьясы.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Және қайта қарауға жатады. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()