• Басты бет
  • Қоғам
  • Лауазымына сот арқылы оралмақшы болған экс-шенеуніктің шағымын қанағаттандырмады

Лауазымына сот арқылы оралмақшы болған экс-шенеуніктің шағымын қанағаттандырмады

Іс материалдарына сәйкес Қойсоймасов пен оның орынбасары Жақыпов кәсіпкерден көмек береміз деп жарты миллион теңге алған-мыс. Ал бұрынғы басқарма басшысының қорғаушысы қылмыс жасағаны дәлелденбеуінен тоқтатылған, сәйкесінше ол айыпты еместігін айтты.   

 

Алайда мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет департаментінің өкілдері мен прокурор шағымды кейін қайтаруды сұрады. Себебі қылмыстық тергеуге алынудың өзі мемлекеттік қызмет атына нұқсан келтіреді. Сот жауап берушілердің талабын толығымен қолдады.

 

- Сот шағым берушінің әрекетінде мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік әрекет бар деп тапты. Ол кәсіпкердің қаражатына телефон сатып алып, шешім қабылдауда оның фирмасына басымдық берілетіндігіне уәде берген. Одан бөлек сот қызметтік тергеу мен тәртіптік жаза тағайындау материалдарымен танысты. Және тәртіптік жаза заңға сай тәртіпте және мерзімде тағайындалғаны анықталды, - деді павлодар қалалық сотының судьясы.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Және қайта қарауға жатады.