Ленин кенті тұрғындарының 54% өз таңдауын жасады

Бұдан бөлек, алдын-ала есептеулер бойынша, сайлауға қатысушылар саны шамамен 93%-ға жетуі мүмкін. Бұл туралы №42 сайлау учаскесінің төрағасы хабарлады. Ауыл тұрғындарының көпшілігі таңертең дауыс берген. Оның ішінде 18 жасқа енді толған бес азамат бар. Олар өздерінің азаматтық парызын алғашқы рет орындады. Сонымен қатар, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, осы уақытта Павлодар облысы бойынша тұрғындардың 57,8% - ы дауыстарын берген. Бұл республика бойынша сегізінші орын. Пайдаланылған бюллетеньдердің ең көбі Жамбыл облысында - 63,4%. Ең төмен көрсеткіш Алматыда - 25,3%.