• Басты бет
  • Қоғам
  • Ленинград облысында қазақстандық жауынгерлерге арналған алғашқы ескерткіш орнатылды

Ленинград облысында қазақстандық жауынгерлерге арналған алғашқы ескерткіш орнатылды

«Лодейное поле» қаласы кемелердің құрылысымен тікелей бойланысты. Мұнда 1703-ші жылы Олонец верфі пайда болды. Кейін тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Осы ретте, Лодейное поле қаласы Ресей флотының отаны деуге болады. Тарихи аңыздар мен оқиғаларға толы қала – бір үлкен ескерткіш тәрізді. Ұлы Отан соғысы кезінде мұнда көптеген тарихи ғимараттар фашисттік бомбалармен жойылды. Шаһардың қазіргі көрікті жерлерінің негізгі бөлігі - қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштер мен ежелгі ғибадатханалар. Бұл жерде жаңа ескерткіштің орнатылуымен ешкімді таң қалдырмайсын. Алайда, 314-ші атқыштар дивизиясына арналған стелланың ашылу салтанатына жүздеген адамдар келді.

 

- Қазақстанда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жандарға ерекше құрмет көрсетіледі. Бізде көптеген іс-шаралар өтуде. Биыл біз Киров қаласында Сұлтан Баймағамбетовке арналған ескерткішті жаңарттық. Өткен жылы Санкт-Петерборда Әлия Молдағұловаға ескерткіш қойдық. Қазақстанда Екінші Дүниежүзілік соғысты есте сақтайтын және ардагерлерді құрметтейтін азаматтар көп, - деді Санкт-Петербор қаласындағы ҚР бас консулы Бауыржан Досманбетов.

 

 

Жерлесіміз Емберген Асайынов - Ленинград үшін шешуші шайқастардың бірінде аса батылдықпен шабуылға шығып, қаза тапқандардың бірі. Оның есімі жазылған медальонды «Опора» іздеу жасағының жауынгерлері тапты. Қызыл әскер сарбазының қалдықтары мен жеке заттарын табыстау рәсімі 314-ші атқыштар дивизиясы ескертішінің ашылу салтанаты кезінде өтті.  

 

Саябақтағы салтанатты рәсімге келушілердің арасында жастардың қарасы қалың болды. Жергілікті патриоттық клубтарда олар Ұлы Отан соғысының тарихын жіті зерттейді. 

 

Батыр сүйектерін Қазақстанға қайтару үшін 2021-ші жылғы еске алу вахтасы өтуі қажет еді. Барлығы ержүрек сарбаз Емберген Асайынов , ал онымен бірге мыңдаған қазақстандық жауынгерлер туған жерге оралу үшін.