Лермонтов – Бұқар Жырау қиылысы мамырдың 6-сына дейін жабық болады
Бүгін Лермонтов – Бұқар Жырау көшелерінің қиылысында белгілер пайда болған. Павлодарлықтардың мұны күтпегені анық. Көбісі кері бағытқа қайта айналып әлек. Қоршауға алынған жер телімінде асфальт опырылып қалған. Алпауыт қызметкерлері 1 апта ішінде олқылықты жоюға тырысады. Осы ретте, Лермонтовпен жүретін қоғамдық көліктің бағыты өзгерді.
- Осыған байланысты №1. 1 экспресс, 2, 5, 40 және 126-шы қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады. Автокөлік жүргізушілерінен барынша мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
№1, 1 экспресс, 2, 5 және 40-шы автобустар көршілес Ак. Бектұров көшесімен Торайғыровқа шығатын болады. Ал шағын класстағы №126-шының бағыты Мәшһүр Жүсіп көшесіне ауыстырылды. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары мамырдың 6-на дейін жалғасады.

