• Басты бет
  • Қоғам
  • Ломов көшесіндегі №39-үйдің тұрғындары: «Күн жылынғанымен пәтерлерде салқын»

Ломов көшесіндегі №39-үйдің тұрғындары: «Күн жылынғанымен пәтерлерде салқын»

Надежда Петровна Ломов көшесіндегі №39-үйде 40 жылдан аса тұрып келеді. Зейнеткердің айтуынша, бұрын пәтердегі батареялар қайнап тұратын. Соңғы жылдары көпқабатты жылыту кемдігі мәселесіне тап болды.

- Соңғы төрт жыл бойы жылу қалай болса солай беріліп келеді. Біз мұның нақты себебін біле алмаудамыз. Мүмкін бізге жуырда жеке сектор үйлері қосылғаннан шығар. Пәтердегі батареялар ешқашан осындай салқын күйде болмады. Әлі аязды күндер болмағанына шүкір. Басқа жағдайда жертөледегі жүйе қатып қалады деп ойлаймыз, - деді Ломов көшесіндегі №39-үйдің тұрғыны Надежда Климова.

- Біздің үйдің арғы жағында білмеймін заңды ма әлде заңсыз ба, тура біздің үйден жылу құбырлары жеке секторға тартылды. Оның алдында жылу мәселесі болмаған. Олар құбырларды өздері тартқан. Сантехниктердің айтуынша, салдарынан жылу кіші айналма арқылы өтіп, көпқабаттыны толықтай қамти алмайды, - дейді Ломов көшесіндегі №39-үйдің тұрғыны Алексей Петров.

Жергілікті ПИК өкілдерінің айтуынша, көпқабатты жылыту маусымына уақытында дайын болған. Мәселені жеке секторға тартылған құбырмен байланыстыруда. Адамдар мұндай жұмыстарға рұқсатты кім бергенін білгісі келеді. Энергетикалық компанияда аталмыш мекенжай бойынша жылыту кемдігі туралы тексеріс жүргізілгені туралы хабарлады.

- Ломов, 39 мекенжайының тұрғындары «Павлодар жылу желілері» ЖШС-не қараша айында жылу кемдігі бойынша жүгінген болатын. Мамандар аталмыш көпқабаттыға барып, тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша үйге кіретін және шығатын жылу параметрлер кестеге сәйкес беріліп жатқандығы анықталды, - дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

Алпауыт мамандары жеке пәтерлерде салқын батареялар болған жағдайда қызмет көрсетуші ұйымға жүгінуге кеңес береді. Олардың пайымдауынша мәселе үй ішіндегі жылыту жүйесінде.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа