• Басты бет
  • Қоғам
  • Ломов және Қамзин көшелері учаскелері жөндеуге байланысты екі күнге жабылады

Ломов және Қамзин көшелері учаскелері жөндеуге байланысты екі күнге жабылады

 

 

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі асфальт төсеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылатындығын хабарлады деп жазады irbistv.kz тілшісі.

 

-19 және 20 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Ломов көшесінен (Назарбаев-Ломов қиылысында Ломов көшесінің солтүстік жағы жабылады) Толстой көшесіне дейінгі Назарбаев даңғылы учаскесі жабылады. Сонымен қатар, 19 сәуір сағат 08:00-ден 20 сәуір 08:00-ге дейін Шевченко көшесінен Циолковский көшесіне дейінгі Қамзин көшесі учаскесі жабылады. 20 сәуірде сағат 08:00-ден 21 сәуір 08:00-ге дейін Толстой көшесінен Циолковский көшесіне дейінгі Қамзин көшесі учаскесі жабылады (Циолковский-Камзин қиылысын қоса алғанда),-деп мәлім етті ТҮКШ бөлімінде.

 

Сонымен қатар, 21 және 22 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Толстой көшесінен Естай көшесіне дейінгі Назарбаев даңғылы учаскесі жабылмақ (Толстой-Назарбаев және Назарбаев-Естай қиылыстарын қоса алғанда). Әкімдікте туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарды маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.