Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Міндетті әлеуметтік медициналық көмек алу құны қанша?

Қоғам

33
Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын және орта бизнес субъектілерінің 29 категориясы өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен басқа да төлемдерден босатылған болатын. Облыс бойынша мұндай субъектілердің саны – 18 мыңнан асады.

- Шағын орта бизнес субъектілерінің жұмыс берушілері жұмыскерлердің аты-жөнін, ЖСН-ін біздің базаға енгізуі керек. Ай сайын 25-іне дейін. Базаға кірмегендері - 4700. Қазір оларды таба алмай отырмыз, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Касимов.

 

Шұғыл көмек қажет болғанда, инфекциялық және КВИ аурулары жағдайында қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық сақтандыру арқылы ақысыз көрсетіледі. Ал қалған жағдайда базаға енбеген субъектілерге медициналық қызмет үшін төлеуге тура келеді. 

 

- Егер шағын орта бизнес субъектілері бойынша 4700 оларды базаға енгізсе солардың жұмыскерлері 2020 жылдың төлемерін төлемейді. Тек биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап төлей бастауы керек, - деді Нұрлан Касимов.

 

Жалпы облыс бойынша 630 мыңнан астам адам сақтандырылған. Айта кететіні, қаңтардың 1-нен бастап жалдамалы жұмыскерлер үшін 2% жұмыс берушілер, 2% өзі аударады. ЖК, ШҚ иелері, жеке практикамен айналысатындар ең төменгі жалақының 1,4 бөлігін яғни 2975 теңге енгізеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 1 АЕК көлемінде, яғни 2917 теңге, ал дербес төлеушілер үшін 2125 теңге. Айта кететіні жарнаны екінші деңгейдегі банктерде, терминалдар, қосымшалар арқылы төлеуге болады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()