Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Мүгедектерде ЭЦҚ міндетті түрде болуы керек

Қоғам

21
2021 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған барлық қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын сатып алу электрондық форматқа көшеді деп жоспарлануда. Әлеуметтік қызметтер порталында оларды өз бетінше сатып алу қажет. Ол үшін мүгедектерде электронды цифрлық қолтаңба болуы шарт.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтерді портал арқылы көрсетіп келеді. Павлодарда техникалық оңалту жабдықтары бойынша 51 қызметтің 24 -і қарастырылған. Биыл олар жартылай онлайн форматта көрсетілуде. Алайда 2021-ден бастап толық электронды форматқа көшеді деп жоспарлануда.

 

- Бүгінгі таңда портал арқылы Павлодар қаласында 1000-нан аса қызмет көрсетілді. 2021 жылдан бастап міндетті түрде ЭЦҚ арқылы әр мүгедек өз үйінде отырып, немесе Кривенко, 25 мекенжайында портал арқылы қызмет алады. Сондықтан Павлодардың  І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерін міндетті түрде ЭЦҚ алуға шақырамыз, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектермен және әлеуметтік емес ұйымдармен жұмыс секторының меңгерушісі Ғабдолла Бейсекеев.

 

Бүгінгі таңда өңірімізде 1500-ге жуық мүгедекте ЭЦҚ бар. Олар қызмет тұрлерін өз беттерімен алып жүр. Ал қалған 6000-ға жуығы ағымдағы жылдың соңына дейін  жасатуға міндетті. Жауапты мекеме өкілдері өздігінен жүріп-тұра алмайтын немесе ауыр халдегі азаматтардың үйлерін аралап, жағдай жасауда. Барлық сұрақтар бойынша 32-07-36 немесе 14-14 Call-орталығына хабараласуға болады.  

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()