• Басты бет
  • Қоғам
  • Май ауданында 65 миллион теңгеге жөнделген жолға қатысты дау туындады

Май ауданында 65 миллион теңгеге жөнделген жолға қатысты дау туындады

Бауыржан Қожанов  2020 жылы конкурсқа қатысып, тендерді ұтып алған. Жоба құны - 65 миллион теңге. Нәтижесінде оның фирмасы Май ауданындағы Көктөбе ауылының жеті жолын жөндеген. 1 акті бойынша 35 миллион теңге төленді. Ал қалған соманы бермей қойыпты.

 

- Біз жолдарды түгелін тапсырғаннан кейін «Қазавтожол» зетхана жүргізіп, олқылықтарды анықтады. Бізбен қатар тағы бір екінші мердігер істеген «Дорстрой» деген. Оларда да дәл сондай ескертулер болды. Алайда оларға төлейді. Бізге төлемейді, - деді ЖШС директоры Бауыржан Қожанов.

 

Анықталғандай  2019 жылы ауыл ішінде су құбырын тарту жұмыстарын жүргізген. Олардың сметасында топырақты тығыздау жұмыстары қарастырылмаған. Сол себепті жаңадан төселген асфальт дәл құбыр тартылған орындарда опырылып астына түсіп кеткен. Бұдан кейін жергілікті әкімдік алақол мердігер ретінде танып, сотқа берген. Кейбір тұстарындағы олқылықтарға қарамастан ауыл тұрғындары жаңа асфальтқа дән риза.

 

-  Бізде қазір жұмысшылармен қиындықтар бар. Қалған ақшаларын бере алмай жатырмыз. Техника мен материалдың қалған ақшаларын бере алмай жатырмыз. Материал мен техника бір 18 миллиондай. Жұмысшыларға бес миллиондай қарызымыз бар, - деді Бауыржан Қожанов.

 

Ал Көктебе ауылдық округінің әкімі Абай Кәрімовтың айтуынша мердігер тіпті су құбыры жұмыстары туралы білмесе де, топырақты нығыздауды өзі жасауы керек еді. Қазір Бауыржан Қожановқа төленбеген қалған ақша игерілмеген қаражат ретінде бюджетке қайтарылған.

 

- Су құбыры 19 жылы, мен енді 19 жылы мен мұнда жұмыс жасаған жоқпын. Онда су құбырын жасаған мердігерлер не жасады, не қойды мен ол сұраққа жауап бере алмаймын.  Енді қазір біз сотқа беріп, бірінші инстанция біздің немізге шешті. Кеткен қаражат қайтарылсын деп. Сосын мына жолдар жөнделсін деп. Қазір мердігер тарапынан аппеляциялық сотқа жолданып отыр. Ал енді сот қандай шешім шығарады мен оны сіздерге дөп басып айта алмаймын, - деді Көктөбе ауылдық округінің әкімі Абай Кәрімов.

 

ЖШС басшысы Бауыржан Қожанов асфальттың опырылған тұстарын қалпына келтіруге дайынбыз дейді. Алайда келісімшарт мерзімі өткен жылы аяқталғандықтан қалған ақшаны кейін қайтаратынына сенбейді. Сол себепті қайта сотқа шағымданып отыр.