Майра, 25 мекенжайының тұрғындары неге шағымданды?

Майра, 25 мекенжайындағы балалар алаңының жағдайы сын көтермейді. Мұнда ойнау үшін балақайлар жақында орналасқан бірнеше көпқабаттылардан келеді екен. Жасанды жабыны сыдырылып, асфальт көрініп тұр. Әткеншектердің көбісі де істен шыққан.

 

Тұрғындар: «Бұл жерді баяғыдан ретке келтіру керек. Сырғанақтар тот басқан, ойнауға жарамайды. Төменіші сыдырылып жатыр. Ешкім реттемейді», - дейді.

 

Қала әкімдігі мәселені бақылауға алғандарын мәлімдеді. Мамандар оқиға орнына барып, тексеріс жүргізгеннен кейін ресми жауаптарын айтады.