• Басты бет
  • Қоғам
  • Майра көшесіндегі №15-үйдің тұрғындары: «Ауламыз балалар үшін қауіпті!»

Майра көшесіндегі №15-үйдің тұрғындары: «Ауламыз балалар үшін қауіпті!»

Майра көшесіндегі №15-көпқабатты үйде 280 пәтер бар. Тұрғындар бірнеше жыл бойы шенеуніктерден балалар алаңын сұраған. Бүгінде жер дайын тұр, әткеншектердің орнатылуын күтуде. Алайда, болашақ алаңқайдың үстінен жоғары кернеулі кабель тартылған.

 

- Бұл алаңның жағдайына назар аударуды сұраймыз. Ешқандай қоршауы жоқ. Оған қоса үстімен жарықшам бағаналарының сымы тартылған. Ағаштың бұтақтары арасымен. Апатты ағашымыз құласа, сым үзіліп, балаларды тоқ соғады ғой. Ондай жағдайды болдырмау үшін жұмыстарды алдын-ала жоспарлау қажет деп санаймын, - дейді Майра көшесіндегі №15-үйдің тұрғыны Валенитина Погребцева.

 

- Майра көшесіндегі №15-үйдің тұрғындарынан апатты ағаштарды кесу бойынша өтініш келіп түсті. Осыған сәйкес, қалалық ТҮКШ бөлімінің мердігерлік ұйымы аталмыш аумаққа тексеріс жасалды. Тексерістен кейін сол аулада бір ағаш апатты деп танылып, кесуге жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Біздің сұранымнан кейін коммуналшылар оқиға орнына барып, апатты ағаштардың бұтақтарын кесті. Бұдан былай, қауіпті сымның үзіліп кету көрсеткіші төмендеді.  

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.