Майқайың ауылына қауіп төніп тұр

Майқайың мен оның маңатындағы бүкіл аумаққа сараптама жасамақ. Тексеріс жарықшақтардың бар-жоқтығын, ішкі жер асты қозғалысы мен бос кеңістіктерді анықтайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Ең алдымен 300 адам тұратынШанхай ауданын тексермек. Құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен соң, тұрғындардың өзі осындай шараға баруды сұрап отыр. Адамдар баспаналарының астында да сондай шұңқырлар пайда болып, кейін қайғылы жағдай туындауы мүмкін екендігінен қорқады.

- Баянауыл ауданының әкімдігі Майқайың елді мекеніндегі кеніш аумағында төтенше жағдай жариялады. Оны тіркеп, 3-4 сараптама жасайтын ұйыммен келісімшартқа отыру үшін қаражат бөлу жөніндегі өтінім де тіркелді. Олар бүкіл ауыл мен оның аумағына тиесілі жерлердің топырағын тексеріп, жарықшақтарды, көшкіндер мен ішкі жылжулардың бар-жоғы мен бос кеңістіктерді анықтайды. Тек содан кейін ғана шешім шығарылады, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев.   

Майқайыңдағы ТЖ-ды сараптаманы қаржыландыру үшін енгізген.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұның алдында ТЖД басшысы жер астына түсіп кеткен құтқарушыларды іздеу жұмыстары тоқтатылғанын хабарлаған еді. Қазір дайындық та жасалып жатқан жоқ. Себебі күннің жылынуымен топырақ қайтадан құлай бастаған.