• Басты бет
  • Қоғам
  • Майқайың кенішіндегі апат: Үшінші адамның мәйіті табылды

Майқайың кенішіндегі апат: Үшінші адамның мәйіті табылды

 

 

Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған құтқарушылардың бірінің денесі табылды дейді irbistv.kzтілшісі.

 

-19 шілде күні "Майқайың алтын" АҚ кеніші аумағындағы іздеу жұмыстарының нәтижесінде 70 тереңдікте құтқарушылардың бірінің денесі шығарылды. 4-ші қаңтар күні

шахтасының маңында тазарту кеңістігіне құлап кеткен автобус ішіндегі төрт адамның біреуі,-деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Еске сала кетейік, құтқарушылар жедел түрде Бердікан Сарқыттың және Олег Тышкевичтің денесін көтерген болатын. Ал топырақ опырылып кетуі мүмкін деген қауіппен іздеу жұмыстарын тоқтатқан еді.

 

- Автобустың нақты орнын анықтау үшін және сканерлеуге «Алтыналмас» АҚ мамандары жұмылдырылған еді. Нәтижесінде көліктің 12 метр тереңдікте жатқандығы анықталды. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ТЖД құтқарушылары мен кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мамандары шақырылды. Бірлесе отыра олар адамның денесін шығарды. Қазіргі таңда сараптама жүргізіліп, жедел-тергеу тобы тексеру жүргізуде,-делінген облыс әкімдігінің ресми мәлімдемесінде.

 

Фото: Валерий Бугаев