• Басты бет
  • Қоғам
  • Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының отбасы жұмыс берушіден 120 млн теңге өндіріп алады

Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының отбасы жұмыс берушіден 120 млн теңге өндіріп алады

 

 

Сот жазатайым оқиғаға толықтай жұмыс беруші кінәлі екенін негізге алып, қаза болған құтқарушы жақындарының талабын қанағаттандырды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Құтқарушы анасы, қызы, ұлы және әпкесі оның қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болуына байланысты моральдық зиянды өтеуді талап етіп Екібастұздық сотқа арызданған еді.

 

-Сот жазатайым оқиғаға жұмыс беруші 100% кінәлі екенін негізге ала отырып, қайтыс болған құтқарушының туыстарының талабын толық көлемде қанағаттандырып, әрбір туысының пайдасына 30 000 000 теңгеден, жалпы сомасы 120 миллион теңге моральдық зиянды өндірді, - деп мәлім етті кеншілер қаласының сотында.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қаңтарында "Майкайыңалтын" АҚ аумағында үш құтқарушы мен жүргізуші мінген автобус шұңқырға құлап кеткен еді. Қаза тапқандар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС-нің қызметкерлері болған.

Фото: Валерий Бугаев