Майқайыңдағы құбыр ақауы жөнделді

Майқайыңдағы құбыр ақауы жөнделді

Майқайың кентіндегі d 1020 мм суық су құбырында анықталған ақауды жөндеу жұмыстары аяқталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Мамандар су құбырының қатып қалуы мен онда ауаның болуын тексеріп, бу генераторларымен жылыту жүргізді.

-Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 13.4 км құбыр (жер асты және жер үсті құбырлары) жылытылды. Барлық анықталған ақау жойылды, желіні толтыру жұмыстары жүргізілді. Мамандар гидравликалық режимді реттеген соң, Майқайың кентін сумен жабдықтау құбырының жұмыс қысымы артады және штаттық режимде қамтамасыз етіледі,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.