• Басты бет
  • Қоғам
  • Майқайыңдағы құбыр жарылуы нәтижесінде Екібастұз бен Баянауыл ауданында ТЖ жарияланды

Майқайыңдағы құбыр жарылуы нәтижесінде Екібастұз бен Баянауыл ауданында ТЖ жарияланды

 

 

 

Облыстық әкімдікте ауыз су үйлерге жеткізіліп жатқанын айтты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі. Қазір құбырларды жылытуда.

 

Құбыр 21 ақпанда жарылған еді. Майқайыңда ақауды жою бойынша жедел штаб құрылды. Қазір қатып қалған учаскелерді жылытып жатыр. 4 шақырымды аяқтаған, енді екеуі қалыпты.

 

- Су құбырының әрбір учаскесінде мамандар құбырдың қатып қалуы мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізуде. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасын топарықты көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытуда. Қазіргі уақытта бес учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жер асты және жер үсті құбырлары,-деді Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Облыстық әкімдікте Майқайың кентінде су жеткілікті деп сендірді. Резервуарды үнемі толықтырып отырады. Сонымен қатар үнемі су жеткізілуде Ауыз суды үйлерге төмендетілген қысыммен жіберуге мәжбүр. Екібастұз және Баянауыл аудандарында ТЖ тәртібін жариялады. Бөлінген ақшаны жөндеу жұмыстарына жібереді.

 фото: Валерий Бугаев.