• Басты бет
  • Қоғам
  • Малайсары батыр көшесіндегі жаңа үйлердің маңы қоқыс үйінділер аумағына айналуда

Малайсары батыр көшесіндегі жаңа үйлердің маңы қоқыс үйінділер аумағына айналуда

Сәуір айында қаланың бұл бөлігінде ауқымды сенбілік өткен болатын. Павлодарлықтар жиналып, көп жылдар бойы жатқан қоқыс үйінділерін шығарған. Осы күндері қайтадан қалдықтар жиналуда. Тәртіп сақшылар бақылау жұмыстарын күшейткенімен, жергілікті тұрғындардан белсенді болуға шақырады.

-Әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда, яғни, белгіленбеген жерге қоқыс тастағандарға, біз ӘК 505-бабы бойынша жауапқа тартамыз. Тұрғындан тәртіп бұзылған жағдайда учаскелік инспекторға шағымданады. Кейін біз келіп, әкімшілік хаттама толтырамыз. Мүмкіндік болса, құқық бұзғандардың көлігін камераға түсіруге тырысу керек,-деді Павлодар қаласы ПБ ОПБ учаскелік инспекторы Дастан Түкенов.

Ал Малайсары батыр 53 және 55 үйлерінің артында шығыс өндірістік аумақта бұл жерден 600 метр жерден нағыз қоқыс орны пайда болды. Белгі тұрғанымен бұл жердегі қоқыстың саны азаймауда. Тәртіп сақшылары бақылауды күшейткенімен бұл жердегі қалдықтардың саны күн сайын көбеюде.

Аталмыш қоқыс орны туралы біз өткен шығарылымдарда айтқан болатынбыз. 2021-ші жылы әкімдікте қалдықтарды полигонға шығарамыз деген. Қазір полицейлер тәртіп бұзғандарды анықтаумен айналысуда.