• Басты бет
  • Қоғам
  • Мамыр айынан қалалық оқушылар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Мамыр айынан қалалық оқушылар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Бұл жаңашылдық Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының оқушыларына енгізілді. Мамыр айынан 83 мыңнан астам бала барлық қоғамдық көліктерде тегін жүре алады.

 

  • Тасымалдаушыларға балалардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруіне жұмсалған шығындарды өтеуге облыстық бюджеттен 679 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде Павлодар қаласы – 275 млн теңге, Екібастұз – 335 млн теңге және Ақсу – 69 млн теңге,- дейді Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысыҚанат Қашкиров.

 

Айта кететіні, тасымалдаушыға қаражат электрондық билетпен жүрген баланың нақты саны бойынша төленеді. Тегін жүру үшін мектеп оқушыларына көлік картасы қажет. 31-наурызға дейін олар тегін таратылады. Павлодарлық оқушылар Катаев 9 мекенжайында және Торайғыров 44/1-де орналасқан қалалық кітапханадан ала алады.

 

- Егер біз талқылағандай мектеп жасындағы бала карточкасы бола тұра оны іске енгізбесе, ол балаға ешқандай шара қолданылмайды, автобустан шығарып тастау, айыппұл деген. Бүгінде диф тариф іске қосылмаған. Сондықтан заңнамаға сәйкес 40 теңге төлеуге құқылы,- дейді Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.

 

Қазіргі таңда барлық қоғамдық көліктерде валидаторлар орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қадағалау қызметі енгізілген. Айта кететіні, 7 жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін.

 

Авторы:Арнагүл Исабекова