• Басты бет
  • Қоғам
  • Мамыр айының үшінші жексенбісі - дүниежүзілік ЖИТС-тан қаза болған адамдарды еске алу күні

Мамыр айының үшінші жексенбісі - дүниежүзілік ЖИТС-тан қаза болған адамдарды еске алу күні

Әлем бойынша таралған COVID-19 індетіне қарамастан АИТВ- мен өмір сүріп жатқан пациенттер назарсыз қалмаған. Олар үнемі тиісті деңгейде көмек алады. Сонымен қатар қоғам да ақпараттандырылған. Бұл ретте біз  ЖИТС-тің қандай ауру екенін ақсулықтардан сұрап көрдік.

 

Ақсу қаласында АИТВ-нің 426 жағдайы тіркелген.  ЖИТС- инфекциясына кез-келген медициналық мекемеде тегін және құпия түрде тексерілуге болады. Ал АИТВ нәтижесі оң пациенттерге арнайы антиретровирустық препараттармен 100 пайыз қамтылған дейді ақсулық дәрігерлер.

 

- Пандемияға қарамастан барлық пациенттер ЖИТС орталығына келіп толық медициналық көмек алады. Тегін медициналық көмек шеңберінде бізден барлық дәрі-дәрмектерді алады. Барлық анализдерден өтеді. ЖИТС орталығында тұратын пациенттер жылына бір рет жәрдемақы көмегін тегін алады, - деді Ақсу қаласы ЖИТС орталығының дәрігері Қорлығайын Баймұханова. 

 

 

Өткен жылы облысымыздың әрбір алтыншы тұрғыны АИТВ-ға тестілеуден өтіп, өз статусын анықтаған. Қазіргі таңда өңірімізде адам иммунтапшылығы вирусын жұқтырған 2000-астам адам өмір сүруде. Ал ЖИТС-тің 583 жағдайы тіркеліп, 438-і көз жұмған.