• Басты бет
  • Қоғам
  • Мамырдағы мерекелер қарсаңында берілетін әлеуметтік төлемдер сомасы қанша?

Мамырдағы мерекелер қарсаңында берілетін әлеуметтік төлемдер сомасы қанша?

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлемдер беріледі. Бұл тарапта жауапты бөлім мамандары ең басты деген санаттарға тоқталды. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңге мен азық-түлік жинақтары. Сосын Кеңес әскері құрамында әскери жалданушылар – 100 мың теңге алса, концлагерьлер мен тұтқында болған кәмелетке толмағандар және блокадашыларға – 60 мыңнан береді. Тыл еңбеккерлеріне 30 мыңнан.

 

- Сондай-ақ Чернобыль АЭС зардаптарын жоюға қатысқандар, соған қатысу барысында қаза болғандардың отбасысына және биыл алғаш рет қосылап отырған жаңа санаттағы, яғни таулы Қарабахтағы этнос аралық қақтығысты ретке келтіруге қатысқандарға – 75 мың теңгеден беріледі, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Наскен Ақаева.

 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай 3 санат бойынша төлемдер жасалады деді әлеуметтік бөлім мамандары. Олар: Ирактағы халықаралық бейбітшілік шараларына қатысқан әскери қызметкерлер, Тәжік-Ауған шекарасын күшейтуге ат салысқандарға 75 мың теңгеден берсе, бейбіт өмірде әскери қызметте қаза тапқандардың отбасысы 30 мың теңге алады.Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша бүгінде қалада 24 ардагер бар. Барлық санат бойынша төлемдер сәуірдің 24-нен бастап есепшоттарға аударыла бастайды.