Маусым басталғалы ЖРВИ-мен ауырғандар саны 15000-нан асқан

Ақ халаттылардың айтуынша әлемде таралып жатқан індетке байланысты ЖРВИ-мен жүгінгендер саны әлдеқайда артқан. 2020 жылдың 1 қазанынан бастап облыс бойынша 15 мыңнан астам жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Тек соңғы аптада вирустық инфекциямен жүгінгендер саны 1200-ге жеткен.

 

- Қазір ауырғандар саны арта түсті. Мұның бәрі маусымдық аурулар. Айта кететіні, көрсеткіш бойынша бұл көп жылғы деңгейден аспайды. Яғни жағдай бірқалыпты, - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидбақылау бөлімінің басшысы Гүлмира Құлмағамбетова.

 

Тұмаудың жалғыз жағдайы қараша айында Екібастұз қаласында тіркелген. Ал өткен жылы осы кезде 36 жағдай анықталған болатын. Бұл қазіргі КВИ кезінде вирустардың ығысуынан болуы мүмкін дейді мамандар. Өткен тәулікте өңірімізде COVID-19 75 жағдайы тіркелген. Күн сайынғы өсім 0,6-0,7% аспайды дейді санитарлық дәрігерлер. Дегенмен Павлодар облысындағы жағдай бірнеше рет қызыл аймаққа кіргендіктен қолайлы, алайда тұрақсыз.