• Басты бет
  • Қоғам
  • Маусымның 1-нен Павлодар облысында электр қуаты қымбаттайды

Маусымның 1-нен Павлодар облысында электр қуаты қымбаттайды

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатына бағалары көтерілген болатын. Бұл ретте алпауыттар да тарифті арттыруды сұраған. Енді маусымның 1-нен тұтынушылар үшін киловат сағатына 19,15 теңгені құрайды. Өсім 3,41 теңгеге жоспарланған. Басымдылық бюджеттік ұйымдарға түседі. Онда тариф екі есеге дейін жоғарылады.

 

- Жеке тұлғалар үшін қосымша құн салығымен бұған дейін 11 теңге болса, қазір 12,10 теңгені құрайды. Заңды тұлғалар үшін тариф 17,96 теңге болса, қазір 19,30 теңге болады. Тарифтің негізгі өсімін алған бюджеттік мекемелерде 24 теңгеден 45 теңгеге өседі, - деді табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев.

 

Монополияға қарсы ведомствода айырмашылық үлкен емес дейді. Пәтердің көлеміне байланысты өсім орташа алғанда 100-550 теңгеге дейін жетпек.

 

- Егер Павлодар қаласында көлемі 35 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтер айына орташа алғанда сағатына 110 клВт тұтынса  ай сайынғы төлемі 1715 теңгені құрайтын. Қазір тарифтің өзгеруімен төлем 1887 теңге болады, - деді Ибрагим Тангиев.

 

Жаңа тарифпен есептелген түбіртектерді тұтынушылар шілде айында алады. Айта кететіні, өзгеріс бір жылға бекітілген.