Медицина жұмыс емес, жан қалауы

Оларды ақ халатты періштелер деп атайды. Бұл бөлімшеде адамдарға көру қабілетін қайтарады. Жоғары категориялы микрохирург Қасымхан Тлеубаев бізге өзінің көп жұмыстарының бірін көрсетті. Ол бүгін катарактаны алып тастап, көз жанарын ауыстырады. Және ең бастысы үнемі жас мамандарға кеңес береді. Қазақстанда кадрлар дайындау оның ең маңызды міндеттерінің бірі.

 

- Ауру түрі көбеюде. Көп операция жасауға тура келеді. Қарқын мен көлемді ұлғайту қажет. Мамандар аса тапшы. Егер оларға білгенімізді үйретпесек, жұмысымыздың құны не?, - дейді  Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы офтальмология орталығының меңгерушісі Қасымхан Тлеубаев. 

 

 

Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада істеп келе жатқанына 21 жыл. Қасымхан Тлеубаев күн сайын 5-6 операция жасайды. Бала кезінде өзінің әкесі танымал офтальмолог Абылайхан Тлеубаевтың жұмысын көріп өскен. Маман өз қаласын ауыстырғысы келген. Себебі мұндай мамандар алтынмен тең.

 

- Астанамыз салынып жатқан кезде мен диссертациямды қорғадым. Салмақты ұсыныстар да болды. Алайда мен еңбек жолымды облыстық ауруханада бастадым. Әкем де, анам да дәрігер. Мен осында қалып бұл қызметті дамытамын деп шештім. Жас дәрігерлердің арқасында оны дамытып жатқанымыз үшін қуаныштымын, - деп ағынан жарылды дәрігер.

 

 

Бүгін тағы бір ота сәтті аяқталды.  Катаракта алынып тасталды. Енді пациент 100 пайыз көре алады. Мұндай кезде біздің елімізде мұнай, газ және тағы да басқа табиғи ресурстардан бөлек, басты байлық – күнделікті келіп өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындайтын кәсіби мамандар бар екенін түсінесің.