Мектеп лицей жанындағы жол бір бағытты болды

Оны мектеп лицей басшылығы өтінішінен кейін орнатуды шешкен. Себебі тал түсте мұндағы көліктің көптігі балалар үшін қауіпті деген еді. Енді мұнда бір жағынан бір бағыттағы қозғалыс жолы белгісі болса, екінші жағынан кірпіш белгісі тұр. Сонымен қатар мұнда жасанды бөгет те орнатып қойған.

 

-Адамдар арасында сауалнама жүргіздік, жартысынан көбісі бір жолақты қозғалыс енгізуді ұсынды. Сол себепті ПД жазбаша өкімі бойынша ТҮКШ бөлімінің өтінімімен сәйкес жол белгілері орнатылды,- деп мәлімдеді Павлодар қаласы ПБ жол-техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы Асхатбек Омаров.

 

Жол қозғалысының жаңа ережелерін бекітуге шамамен бір ай кеткен. Әзірге көлік жүргізушілері үйреншікті әдет бойынша жүруде. Тәртіп сақшылары абайлық танытып белгілерге қарауға шақырады. Кері жағдайда айыппұл салуы мүмкін.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы