Мектепке құжаттарды 1 тамызға дейін тапсыру қажет

«Үш баланы сол тұрғылықты мекенжайы бойынша алса, қалған бір баланы басқа аудандардан алуға мүмкіндікт бар. Ата-аналар өз балаларын мейлінше тұрғылықты мекенжайлары бойынша мектепке жіберсе деген кеңесіміз бар» - деді Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралин.

 

Сонымен қатар тамыз айында білім беру мекемелері қабырғаларында балаларды мектепке дайындау курстары ашылады. Онда оқушылар білім ордасымен және ұстазымен танысып, жаңа тәртіпке бой үйретеді.  Айта кету керек, құжаттарды 1 тамызға дейін қабылдайды. Оны egov.kz  сайты арқылы немесе білім беру мекемелерінің бірінші қабатында орналасқан қызмет алу бұрыштарына жүгіну арқылы тасыруға болады. Ол үшін бар болғаны  баланың ата анасының өтініші, баланың туу туралы куәлігі және денсаулық паспорты мен цифрлық фотосуреті керек.