МЕКТЕПТЕРДІҢ СПОРТ ЗАЛЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕДІ

Павлодар облысындағы білім беру мекемелеріндегі спорт залдары заңды түрде жалға беріледі. Яғни, спорттық шара ұйымдастырылған жағдайда немесе қосымша білім білім беру шарасы жоспарланса спорт залын пайдалануға болады. Дегенмен, оқу процесі бірінші орынға қойылады.

«2021, 2022, 2023 жылдары Павлодар облысында 110-нан астам спорт залы жалға берілді. Біз оқу процесін бірінші орынға қоямыз. Оқу процесі аяқталғаннан кейін ғана жеке тұлғалар жалға ала алады. Мектеп басшылығы, басқа да лауазымды тұлғалар бұған мүлдем араласпайды. Ол мемлекеттік реестр сайты арқылы жүргізіледі» - деді.

Павлодар облысы білім беру басқармасы аймақтық дене тәрбиесі орталығының басшысы Бахтияр Түсіпов. Көбінесе кешкі уақытта, я болмаса жазғы демалыс кезінде мектептегі дене шынықтыру залын жалға алуға болады. Келісімшартта кесте мен адам саны көрсетіледі. Төлем сомасы әр түрлі, сағатына 300 теңгеден басталып 1500 теңгеге дейін жетеді. Бұл залдың жағдайы мен көлеміне байланысты. Төлем елордадағы қаржы орталығына жіберіледі. Кейін қай спортзалдың қанша тапқанына орай қорытынды шығарылады. Айтпақшы, жалға алушылар спортзалға өз құралдарымен келулері қажет. Айта кету керек, жеке тұлғалар спорт залын кешкі 22:00-ге дейін ғана пайдалана алады.