Мердігер екі жыл қазылып жатқан Қамзин көшесін жөндеуге кірісті
2019-шы жылы Қамзин көшесі Ладожскаядан Қаз.Правдаға дейінгі аралығы қазылып, жаңа «Достық» ықшам ауданына жылу желілері тартылды. Барысында жолдың бір жақ шеті қазылып тасталды. Екі жыл бойы адамдар оындай ыңғайсыздықпен тұруға мәжбүр болды. Қазір мердігер олқылықты жоюға кірісті. Жұмыстар 15-ші маусымға дейін жалғасады.Бүгінде жаңа мөлтек ауданға құбыр тарту жұмыстары аяқталды. Коммуникациялар Ворушин, Қазправда, Қамзин және Ладожская көшелерінен өткен. Бүгінде аудан тұрғындары өз аулаларына апарар жолды іздеумен әлек. Жол қызметкерлері олардан шыдамдылық танытуды сұрайды. Асфальтпен қатар, кейбір жерлерде жиектестар мен жол белгілері жаңартылады.
- Жылу желісі толықтай жаңартылды. Дачный және Достық аудандары жылу құбырына қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аяқталды. Енді абаттандыруды бастадық, - деді мердігер Иван Христодоров.
- Қамзин көшесінің жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жалпы ауданы 14 мың шаршы метрді құрайтын жол жабыны қалпына келтірілетін болады. Аталмыш жұмыстарды жүргізуге облыстық бюджеттен жалпы соммасы 1 миллиард 477 миллион теңге қаражат бөлінді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Сондай-ақ, жылу құбырын тарту барысында орамішілік аумақтарды қазуға тура келді. Мердігер олардың барлығы абаттандырылады деп сендірді.

