Мерекелер қарсаңында кімдерге сыйлық беруге болмайды?

- Лауазымды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлерге заңсыз сыйлық табыстау заңмен қудаланады. Егер сыйлық көлемі 2 АЕК аспаса, әкімшілік жаза қолданып, табыстаушы 200, ал алушы 600 АЕК көлемінде жауапкершілікке тартылады, - деді Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басқарма басшысы Назымбек Бекжанов.

Ал мерекелік тосын сый бағасы 2 АЕК асып жатса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Десе де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары мереке күндері бұл бағыттағы тексерісті күшейтеді. Осы орайда сыйлықты біреудің атынан әкеліп кететін, делдал азаматтар да қатадағаланады.