Металлмен жұмыс тәртіпті талап етеді және шыңдайды

«Менің лауазымым түсті металлдарды құюшы, кезінде біздің президент те металлург болған. Мен үшін мұнда жұмыс істеу үлкен мақтаныш. Мен жабдықты, роботты, жұмыс торабымдағы байламды қадағалаймын. Әр ауысым сайын бақылауды қажет ететін көптеген бергіштерді қарап отырамын ақау болса жою керек» -дейді «ҚЭЗ» АҚ түсті металлдар  құюшысы Әмір Қамиев.

 

 

Мына төсеу торабы Әмір Қамиевтің жұмыс орны. Мұнда алюминий құймаларын жинайды. Біреуінің салмағы шамамен 20 келі. Пакетте бір тонна. Қанатты металл өндірісі тұтас өнер, сол себепті Қазақстан электролиз зауытының жас қызметкері өз мамандығына асқан жауапкершілікпен қарайды.

 

«Біз қанатты металл өндіреміз. Алюминий металының сорты жақсы болғандықтан көптеген елдер бізден алады. кейбірі тіпті өз металл сапасын жақсарту үшін бізден алюминий алады» - деп мақтанады Әмір.

 

 

Металлмен жұмыс тәртіпті талап етеді және шыңдайды дейді Әмір Қамиев. Ол өз мақсатына нық сеніммен қадам басып келеді.

 

«Мен мұнда келгенімде тым жас едім. Ештеме түсінбедім деуге болады. Бізде мұндағы құю цехында металл қателікті кешірмейді деп айтады. Осында келгенімде ұмытшақ болатынмын. Барлық басқа құюшылар маған көп көмектесті» - дейді  «ҚЭЗ» АҚ түсті металлдар  құюшысы Әмір Қамиев.

 

 

Әмір Қамиевтің жоспары көп. Рекорд жасауға ниеттеніп отыр. Оның ішінде өндірістік те бар.