• Басты бет
  • Қоғам
  • Миллиондап алимент төлемеген Павлодар тұрғындарынан қарыз мәжбүрлеп өндірілді

Миллиондап алимент төлемеген Павлодар тұрғындарынан қарыз мәжбүрлеп өндірілді

 

Павлодар облысы Әділет Департаменті және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы біріккен іс-шаралары барысында борышкерлерден қомақты сомаларды мәжбүрлеп өндірді.

 

-Павлодарлық азамат сотпен жүктелген міндеттен жалтара отыра, өзінің кәмелетке толмаған баласына 7 жылда алимент төлемегені үшін 5 622 474 теңге қарыз болған.

Борышкерге тиесілі пәтер түріндегі жылжымайтын мүлік анықталып, оны сатуға шығару іс-шараларын қолдану арқылы алимент бойынша қарызын толық көлемде өтеді,-деп мәлімдеді

Павлодар облысы Әділет Департаментінде.

 

Сонымен қатар, балаларының алдындағы алимент қарызы 3 960 420 теңгені құрайтын өзге қала тұрғыны да анықталған еді.

 

-Мәжбүрлеп орындау барысында борышкер 3 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жауапқа тартылды. Алайда, борышкер бұдан сабақ алмай, сот актісін орындаудан жалтаруды жалғастырған. Осыған байланысты, борышкерге қатысты полицияға оны қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсынысы жолданған. Тек сотқа дейінгі тергеу басталғанда, борышкер қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін қарызын толық көлемде өтеген,-деп жеткізді департамент мамандары.

 

Фото:Freepik.com