• Басты бет
  • Қоғам
  • Молдовада қазақстандық батыр-жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды

Молдовада қазақстандық батыр-жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды

Днестр өзені маңында 2 және 3 Укриналық фронт әскерилері азат еткен стратегиялық маңызы бар көпір болған. Бұл жердегі қақтығыс сол жылдардағы жойқындардың бірі, бірақ жалмауыз соғыстағы өзге  жантүршігерлік оқиғалармен салыстыруға келмейді. Азат ету операциясына Қазақстан аумағында құрылған әскери қауымдастықтар қатысты. Бұған іздеу жасағы тапқан көптеген артефактілер дәлел.

Молдованы аза етуге ат салысқан 5 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Сержант Қапай Ысқақов, сержанттар Георгий Рыжов және Александр Щурихин, кіші лейтенант Юрий Гуров және жерлесіміз лейтенант Қанаш Қамзин. Қазақстандық іздеу тобы қатарында бұл жердегі қантөгісте бейбіт өмірді сақтау үшін жанын салған азаматтарды бүгінгі ұрпағы да бар. Солардың бірі Асхат Мұқанов.

- Бұл жерде екінші Украиналық фронт қатарында болды. Стратегиялық көпірдегі қақтығысқа қатысқан. Бүкіл соғыс жылдары 6 танк ауыстырған екен, - деді «Майдан жолы» іздеу жасағының командир орынбасары Асхат Мұқанов.

«Шерпен плацдармы» мемориалдық кешенінде Молдова жерінде қаза болған Қазақстан тумаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Монумент «ERG» Еуразиаттық топ жүзеге асыратын «Батырлар жолымен» халықаралық патриоттық жобасы аясында жасалған.

- Бұл аса қатал қақтығыстар болған жер. Көптеген ұлт өкілдерінің азаматтары құрбан болған. Біздің осында келіп, батырларымыздың алдында міндетімізді орындауға демеу болған басшыларыңызға алғыс айтамыз. Ескерткіш қойып, қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсеткіміз келеді, - деді «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов.

Александр Шитов Молдова жеріндегі әріптестеріне Қазақстан жерінен әкелінген капсуланы сыйға тартты.