• Басты бет
  • Қоғам
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына өзгеріс енгізілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына өзгеріс енгізілді

Бұл жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға медициналық қызметтің барлық түрлеріне, оның ішінде қымбат шаралардың өзіне тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шілденің 4-і МӘМС жүйесіндегі заңға өзгертулер енгізілді. Маңызды түзетулер жұмыссыз және өзін-өзін еңбекпен қамтушы азаматтарға арналған. Олар әдетте сақтандыру қаражатын ұдайы аудара бермейді.

- Сақтандырылмаған азаматтар үшін мәселе қазіргі кезде олар сақтандыру статусын алу үшін өткен 12 айдың төлемдерін төлеу қажет болса, кейін ай сайын тағы да төлеп отыруы қажет болатын. Қазір енді жаңа заң бойынша олар алдымыздағы 12 айға төлеу керек, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Павлодар филиалының басшысы Нұрлан Касимов.

Өзгертулер қыркүйек айының басынан күшіне енеді. Өз еркімен сақтандыруға ақша аударатындар үшін қазір бір жылдық төлем 36 мың теңгені құрайды. Павлодар облысында мұндай мүмкіндікті 134 мың адам пайдалануға құқылы.

Авторы: Альфия Омарова