• Басты бет
  • Қоғам
  • Мұз қала. Павлодарда қыстың күні ескіні қайта жаңғыртпақ

Мұз қала. Павлодарда қыстың күні ескіні қайта жаңғыртпақ

 Бұл туралы әкімдік хабарлады. Бюджетті нақтылау барысында депутаттар 25 миллион теңге бөлуді мақұлдады. Енді шенеуніктер жобаны іске асыра бастайды. Әзірге нақты қайда пайда болатыны белгісіз.

 

Әлеуметтік желіде сонау 1999-шы жылы түсірілген бейнелерді кездестіруге болады. Сол кезде Павлодарда мұздан жасалған мүсіндер, сырғанақтар, айдындар және жануарлардың кіші архитектуралық формалары болған еді.

 

2000-шы жылдары мұз қалаларынан бас тарта бастады. 2005-ші жылғы бұл бейне соңғылардың бірі. Қызметкерлер мұздан кірпіштерді ойған екен. Биыл да сондай әдісті қолдануға тура келеді. Шенеуніктер ескі дәстүрді қайтадан қолға алуды шешті. ТҮКШ бөлімі 25 миллион теңгеге өтініш берген. Мәслихат сессиясында депутаттар бастаманы мақұлдады.

 

- Қазір бөлім қысқы мұз қаласын орнату үшін орын анықтаумен айналысуда. Ол Павлодар қаласының аумағында болады. Мамандар басқа аймақтардың тәжірбиесіне сүйеніп, аталмыш сомманы қалалық бюджеттен сұрады, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Эскиздік жобасы қазан айының соңына дейін әзірленеді. Кейін конкурс жарияланады. Қажетті сомма көп болған жағдайда, оны қайтадан қалалық бюджетке қайтарады.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа