Мәшһүр Жүсіп көшесінде коммуналдық апат орын алды

Ал көліктер айналма жол іздеумен әлек болды. Асфальт опырылып, бір көлік батып та қалды.

 

-Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің диспетчерлік бекетіне түнгі сағат 2-де Мәшһүр Жүсіп 32 көпқабатты үйдің қасында, жер астынан су шығып жатыр деген хабар келді. Алпауыт бірден суды өшіріп тастады. Бүгінде ауданға су жеткізуде. Апаттық бригада мамандары инженерлік желідегі олқылықты жоюда,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы  Темір Қасқабаев.

 

ТҮКШ бөлімінде Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі магистральді алмастыру жұмыстары өткен жылы жоспарланған деді. Алайда конкурстық шара өтпеді. Енді лот қайта ойнатылады. Мамандардың айтуынша, жолдың ені тым тар. Сол себепті тіпті тәжірбиелі құрылыс компаниялары басқа инженерлік желілер орналасқан аймақта жөндеу жасағысы келмейді.