• Басты бет
  • Қоғам
  • Мәшһүр Жүсіп – Лермонтов қиылысы 14-ші наурызға дейін жабық болады

Мәшһүр Жүсіп – Лермонтов қиылысы 14-ші наурызға дейін жабық болады

Лермонтов көшесінен өту үшін көлік иелері жолдың қарсы бағытына шығуға мәжбүр. Қазір онда кептеліс орын алған. Алпауыт мамандары магистральді су құбырындағы апатты жоюда. Жер астынан су 12-ші наурызда шыға бастады. Сол себепті 14 көпқабаттыны тіршілік нәрінен ажыратуға тура келді.

 

-Барлық тұтынушылар аталмыш желіге қосылған. Қазір алпауыт мамандары учаскені тексеріп жатыр. Бүгін немесе ертең ақау анықталған шұңқыр құммен жабылады,-дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев.

 

Естеріңізге салсақ, өткен жылы мұнда жаңа су магистралінің құрылысы жүргізілген болатын. Ақпан айында аталмыш телімде тағы бір ақау тіркелді. Тұрғын үй инспекциясының ақпаратына сәйкес Павлодарда осындай ақаулар салдарынан 86 учаске қазылған. Асфальтты қалпына келтіру жұмыстары ауа райы жылынғанда қолға алынады.