• Басты бет
  • Қоғам
  • Набережное ауылының тұрғындары 2 ай бойы орталық судың қызығын көре алмауда

Набережное ауылының тұрғындары 2 ай бойы орталық судың қызығын көре алмауда

.Набережное ауылының тұрғындары тіршілік көзінсіз жиі отыруға мәжбүр. Мәселе  бірнеше ай бұрын басталған. Бірнеше сағатқа ғана берілетіндіктен суды жан-жақтан тасуға мәжбүр. Техникалары да жиі іркілістерден жанып кетеді деп қорқады.

-Бүгін таңертең суды қосты. Кеше түні бойы, күндіз су болмады. Бүгін таңертең қосты да кешкі 7-ге дейін деді. Сағат жетіде тағы да өшіріп тастайды. Оператор жоқ. Ертістен су тасимыз,- дейді Набережное ауылының тұрғыны Сәуле Буланова.

Бұл ауылда су станциясы 2019 жылы салынған. Жергілікті әкімнің айтуынша су тапшылығы жоқ, мәселе тек жұмысшылардың жетіспеушілігінде. Мердігер жалақы мәселесін де шешкен. Алайда жергілікті тұрғындардың мұнда жұмыс істегілері келмейді. Сондықтан операторларды басқа ауылдардан әкелуге мәжбүр.

-Жергілікті тұрғындардан ешкім барғысы келмейді. Шаруа қожалықтарындағы жалақы қазір жақсы. Жұмыссыздар жоқ деп айтуға болады. 10 тәулікке 68 мың теңгені аз деп есептейді. Мәселе мұнда емес. Онда жұмыс істегісі келетіндер жоқ,- дейді Григорьевка ауылдық округінің әкімі  Виталий Бруцкий.

-Қазір біз бұл мәселені шешудеміз. Қазір басқа ауылдардағы сорғы станцияларынан күнде операторларды әкелеміз. Олар өз жұмыстарын істейді. Сумен мәселе бар.  Дегенмен кесте бойынша суды қосамыз. Адамдарды сусыз қалдырып жатқан жоқпыз,- Станислав Асонков.

Жауаптылар мәселе жақын арада шешімін табатынына сендірді. Сонымен қатар ауылдықтардан судың сапасын жоғалтпау үшін бау-бақшаларын аулаларындағы құдықтан суаруларын сұрады. Айта кететіні, мұнда 1730 адам тұрады.


Авторы:Арнагүл Исабекова